Ежедневно с 9:00 до 20:00
Мы находимся:
Республика Казахстан Индекс: 130000, Мангистауская область, г. Актау, 5 микрорайон, 7
дом, офис 16.
Главная \ Нормативно правовые акты

Нормативно правовые акты

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі

2018 жылғы 23 қараша

БЕКІТІЛДІ

Адвокаттар алқаларының

республикалық конференциясы

2018 жылғы 23 қараша

 

Адвокаттық сауалды ресімдеу және жолдау

ТӘРТІБІ

1. Осы ереже «Адвокаттық қызмет және заң қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 67-бабының 2-тармағының 17)-тармақшасына сәйкес әзірленіп, адвокаттық сауалды ресімдеу және жолдау тәртібін белгілейді. 

2. Адвокаттық сауал 1-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдауышта және (немесе) заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде көзделген нысан бойынша электронды тасымалдауышта ресімделеді. 

3. Электронды түрдегі адвокаттық сауал, электронды құжат айналымға қойылатын талаптарға сай болып, электронды цифрлік қолтаңбаны қолдана отырып әзірленуі тиісті.

4. Қағаз тасымалдауышта әзірленетін адвокаттық  сауал келесіні қамтыйды:

1) адвокаттық  сауалды алатын тұлғаның атауы (аты) және пошталық мекен-жайын;

2) адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), адвокат мүше болып табылатын аумақтық алқаның атауы, адвокаттың пошталық мекен-жайы мен телефон нөмірін;

3) сауалдар тізіліміндегі адвокаттық сауалдың нөмірі мен тіркелген күнін;

4) заңды көмек көрсетуге қажетті мәліметтер, ақпараттар немесе сарапшылардың қорытындылары мен басқа да құжаттар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сұралған мәліметтерге жауап беру мерзімін;

6) сұратылатын мәліметтерді беру тәсілін (қолма-қол тапсыру, пошта байланысы арқылы, электронды пошта немесе өзге де тәсілін);

7) адвокаттың тегі мен инициалдары және оның қолы;

8) келесі мазмұндағы ескертпе: «Адвокаттың заңды қызметін жүзеге асыруға кедергі туғызғандығы үшін тұлға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 668-бабына және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 435-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілікке тартылады».

5. Қағаз тасымалдауыштағы адвокаттық сауал келесі мәліметтерді қамтуы  мүмкін:

1) адвокаттың өз қалауы бойынша сауалға қоса беретін құжаттар тізімі; 

2)  сауалдың сипатына байланысты адвокаттың өкілеттігін куәландыратын құжат;

3) адвокаттың сауалға қоса берілуі немесе көрсетілуі қажет деп санайтын өзге де құжаттар және мәліметтер.

6. Қағаз түрінде әзірленген адвокаттық сауал, алушы тұлғаға пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол тұлғаның өзіне, өкілі арқылы немесе өзге де тәсілдерді қолдана отырып жолдануы мүмкін. 

7. Электронды түрде әзірленген адвокаттық сауал, алушы тұлғаға заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесімен көзделген тәртіпте немесе басқа да тәсілдерді қолданып жолданады.

8. Қағаз тасымалдауышта әзірленген адвокаттық сауал қағаз тасымалдауыштағы адвокаттық сауалдар тізілімінің 2-қосымшасына сәйкес тіркеледі.

Қағаз тасымалдауыштағы адвокаттық сауалдар тізілімін, тиісті адвокаттық контора немесе адвокаттық қызметті жеке өзі немесе заң консультациясы арқылы жүзеге асыратын адвокаттар жеке өзі немесе бірнеше адвокаттар бірлесіп келісуі бойынша жүргізеді.

Ждем Вас с 9:00 до 20:00
Республика Казахстан Инденкс: 130000, Мангистауская область,
г. Актау, 5 микрорайон, 7 дом, офис 16.
Консультация
Оставьте заявку и мы Вам перезвоним в удобное для Вас время